"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Велосипедтер маусымы - қауіпсіздікті естен шығармау қажет!

Велосипедтер маусымы - қауіпсіздікті естен шығармау қажет!

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына соңғы күндері велосипедтен құлаған бірнеше пациент түсті.

????‍???? 66 жастағы пациент ауруханаға оң жақ жамбас буынының қатты ауыратынына және аяққа тұра алмайтынына шағымданып түсті. Ол ауруханаға түсердің алдында екі сағат бұрын велосипедтен құлаған.

???? Диагноз: оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы.

???? Оған операция жасалды — іштен бекіту арқылы жабық репозиция.

????‍⚕️ Операция жасағандар травматолог-ортопедтер Смайлов Қайрат Мұрзабайұлы мен Кеңесов Әсет Мұқтарұлы, анестезиолог-реаниматолог — Кипень Юлия Аскаровна.

Қазіргі кезде пациент скелеттік тарту емін алып жатыр, стационарда 9-шы күн ем қабылдауда.



????‍♂️ Басқа 70 жасар ер адам велосипедтен сол бүйіріне құлаған.

???? Диагноз: сол жақ қабырғаларының сынуы.

Пациент қажетті емін алды, жағдайы жақсарып, үйіне шықты.

Записаться на прием