"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Абайлаңыз: аязда үсіп қалу қаупі❄️

Абайлаңыз: аязда үсіп қалу қаупі❄️

Үсік шалу ауырсынудан басталмайды.
Басқапқыда — жансыздану. Содан кейін -сезімталдықтың жоғалуы.
Содан кейін - стационар және ұзақ емделу.

Соңғы уақытта ғана Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына көмеккежүгінгендер:
▪️ 31 жасар ер адам — ұзақ уақыт далада жүрген. Екі аяғының саусақтарын I–II дәрежелі үсітіп алған.
▪️ 37 жасар ер адам — ішімдікке мас болып, далада ұйықтап қалған. Салдарында — сол қолының III, IV жіне V саусақтарының тырнақфалангтарын үсітіп алған.

Қазіргі уақытта стационарда емделіп жатқандар:
▪️ 60 жастағы ер адам — ұзақ уақыт далада болғандықтан екі қолының саусақтарын үсіткен және оң аяғы II–III дәрежелі үсік алған.
▪️ 53 жасар ер адам — екі аяғын да үсік шалған. Аязда ұзақ уақыт жүрген.

Мына оқиғалар әртүрлі болғанмен, бәрінің себебібір - суықта тым ұзақ жүру.
Көбінесе тұрғылықты жері жоқ адамдар зардап шегеді. Бірақ аяз таңдамайды. Ол бәріне бірдей қауіпті.

Мынаны есте сақтаған жөн:
❗ Алкоголь адамды жылытпайды — бұл қауіп сезімін жояды
❗ үсік байқатпай пайда болады
❗ ауырсыну бірден пайда болмайды
❗ салдар өмір бойына қалуы мүмкін

Қауіпті қалай төмендетуге болады
✔️ Аязды күні далада болу уақытына шектеу
✔️ Ауа райына қарай киініңіз, тар аяқ киім кимеңіз
✔️ Жылыну үшін үзіліс жасаңыз
✔️ Тері жансызданып, бозарған кезде — жедел жылы үй-жайге кіру және дәрігердің көмегінежүгіну керек.

Өзіңізге абай болыңыздар. Суық біз ойлағаннан қаһарлы болуы мүмкін.

Записаться на прием