Біздің ауруханаға алкогольдік масаң күйде жарақат алған науқастар жиі түседі. Жақында болған оқиғалар – соның кезекті дәлелі.
???? 49 жастағы ер адам. Көшеде аяғын қайырып алды. Диагноз – сүйектердің ығысуымен болатын күрделі асықты жілік сынуы. Қазіргі таңда қаңқа тарту әдісімен ем қабылдап жатыр.
???? 38 жастағы ер адам. Моншада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып, 2,5 метр биіктіктен құлап түсті. Нәтижесі – қабырғасының сынуы, жарақаттық пневмоторакс, ота жасалды.
Екі науқас та алкогольдік масаң күйде болған.
⚠️ Алкоголь зейін мен үйлесімділікті төмендетеді, бұл құлау мен жазатайым оқиғалар қаупін арттырады.
⚠️ Қарапайым серуен немесе тұрмыстық жұмыстар ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
⚠️ Салдары – ауруханаға жатқызу, оталар, ұзақ оңалту.
❗ Өзіңізді сақтаңыз! Алкоголь мен қауіпсіздік үйлеспейді.





