"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Ұзақ уақыт есте қалатын мереке…

Ұзақ уақыт есте қалатын мереке…

8 наурыз күні кешкісін, көбі отбасымен мерекені атап жатқанда, Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына шұғыл түрде 41 жастағы әйел түсті.

Пациент сол жақ бүйіріндегі ауыратын және қансыраған жарақатқа шағымданды.

Әйелдің сөзінде жарақатты ол үйінде ауруханаға түсер алдында 2 сағат бұрын алған.

Пациентті кезекші хирург пен реаниматолог қарап-тексерді. Жарақаттың түрін және ішкі ағзаларға залал келтіретін қаупін ескеріп, шұғыл түрде операция жасау туралы шешім қабылданды.Әйел операция жасайтын бөлмеге жедел жеткізілді.

Іш қуысының ағзалары тексеріліп,диагностикалық лапаротомия жүргізілді. Операция кезінде париетальды ішперденің жарақаттанғаны анықталды, оның айналасында гематома пайда болған. Жарақат түйіндік атравматикалық тігістермен тігілді.

Одан әрі тексеру барысында тік ішекте екі гематома анықталды, басқа ішкі ағзаларға зақым келмеген.

Операция жарасына тігіс салынды, сондай-ақ аяғындағы жара өңделді және тігіс салынды.

 

Операцияны мына мамандар жасады:

👨‍⚕️ хирург Алексей Анатольевич Сынтин

👨‍⚕️ хирург Жамшид Абдиманнатұлы Өмірұзақов

👨‍⚕️ анестезиолог-реаниматолог ӘділханАмамбайұлы Қалиев

👩‍⚕️ операциялық мейіргер Рузана Сергеевна Гундарева

 

Операция асқынусыз өтті. Пациент оянғаннан кейін біраз уақыт реанимацияда жатты, кейін хирургия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

 

Қазір пациенттің жай-күйі тұрақты, ауырлығы орташа дәрежелі. Ол хирургия бөлімшесінде операциядан кейін қалпына келуді жалғастыруда.

Пациентке бұл мереке гүл шоқтарынсыз естеқалады. Алайда дәрігерлердің арқасында ең маңызды - өмірі сақталып қалды.

Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар.

Записаться на прием